HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Басқару панеліндегі хабарлардың түрі

background image

Басқару панеліндегі хабарлардың түрі

Басқару панеліндегі хабарлардың төрт түрі өнімнің қалпын немесе мəселелерін көрсете алады.

Хабар түрі

Сипаттама

Қалпы туралы хабары Күйі туралы хабарлар өнімнің қазіргі қалпын көрсетеді. Олар өнімнің қалыпты жұмыс істегенін

көрсетеді жəне əсер етуді қажет етпейді. Өнімнің қалпы өзгерген кезде, олар да өзгереді. Өнім
дайын болғанда жəне хабарларды күтпеген кезде өнім Дайын күй хабарын көрсетеді.

Ескерту хабарлары

Ескерту хабарлары деректер немесе баспа қателері түралы хабарлайды. Осы хабарлар
Дайын хабармен немесе басқа күй хабарлармен кезектеседі жəне

OK

түймесін басқанға дейін

қалады. Кейбір ескерту хабарлары өшіреледі. Егер ӨШІРІЛЕТІН ЕСКЕРТУЛЕР мəзірінде
ТАПСЫРМА опциясына ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ параметрін орнатсаңыз, келесі
баспа хабарларды жояды.

Қате туралы
хабарлар

Қателік хабарлар қағазды салу немесе кептелген қағазды алып тастау сияқты əрекеттерді
жасау қажет екендігін хабарлайды.

Кейбір қателік хабарлар автоматты түрде жалғасады. Егер АВТО ЖАЛҒАСТЫРУ
параметрҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірінде қосылса, өнім қалыпты жұмысын
автоматты түрде жалғасатын хабар 10 секунд шыққан кезде жалғастырады.

ЕСКЕРІМ:

Кез келген түймені 10 секунд бойы басқанда, автоматты түрде жалғасатын қателік

хабар автожалғасу мүмкіндігін елемейді жəне түйменің қызметі артықшылыққа ие болады.
Мысалы, түймесін бассаңыз, баспа жұмысы тоқтатылып, баспа тапсырмасын жою мүмкіндігі
ұсынылады.

Аса маңызды қате
түралы хабарлар

Аса маңызды қателік хабарлар өнімнің істен шығуын хабарлайды. Осындай хабарлардың
кейбіреуін өнімді өшіріп, қайта қосу арқылы өшіруге болады. Бұл хабарларға АВТО
ЖАЛҒАСТЫРУ
параметрі əсер етпейді. Егер аса маңызды қателік хабар өшірілмесе, онда
өнімге техникалық қызмет көрсету қажет.