HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Кептелу орнын басу

background image

Кептелу орнын басу

Бұл өнім кептелген беттерді қайта басып шығаратын кептелуді тазалау мүмкіндігімен қамтамасыз
етеді. Келесі опцияларды таңдауыңызға болады:

АВТО — Өнім жеткілікті жад болған кезде кептелген парақ беттерін қайта басып шығаруға
əрекеттенеді. Бұл əдепкі параметр болып табылады.

ӨШІРУЛІ — Өнім кептелген парақ беттерін қайта басып шығаруға əрекеттенбейді. Ең соңғы
беттерді сақтауға ешқандай жад қолданылмайтындығынан, өнімділігі оңтайлы болады.

ЕСКЕРІМ:

Бұл опцияны пайдаланған кезде өнімдегі қағаз таусылып қалса жəне

парақтардың екі беті де басылып шығып жатқан болса, кейбір беттер жоғалуы мүмкін.

ҚОСУЛЫ — Өнім кептелген беттерді əрқашанда қайта басып шығарады. Соңғы бірнеше
беттерді сақтауға қосымша жад бөлінеді. Бұл жалпы өнімділікке əсер етуі мүмкін.

Кептелу орнын басу функциясын қолдану

1.

Мəзір

батырмасын басыңыз.

2.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мəзірін бөлектеу үшін төмен көрсеткісін басыңыз,
содан кейін

OK

батырмасын басыңыз.

3.

ЖҮЙЕ ОРНАТПАСЫ мəзірін бөлектеу үшін төмен көрсеткісін басыңыз, содан кейін

OK

батырмасын басыңыз.

4.

КЕПТЕЛУ ОРНЫН БАСУ мəзірін бөлектеу үшін төмен көрсеткісін басыңыз, содан кейін

OK

батырмасын басыңыз.

5.

Лайықты параметрді бөлектеу үшін / төмен не жоғары көрсеткісін басыңыз, содан кейін

OK

батырмасын басыңыз.

6.

Дайын күйіне оралу үшін

Мəзір

батырмасын басыңыз.

KKWW

Кептелулер 181