HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Қағаз автоматты түрде берілмейді

background image

Қағаз автоматты түрде берілмейді

Қағаз автоматты түрде берілмейді

Себеп

Шешім

Бағдарламалық құралда қолмен беру таңдалады.

1-науаға қағаз салыңыз немесе қағаз салынса,

OK

түймесін басыңыз.

Өлшемі сəйкес қағаз салынбаған.

Өлшемі сəйкес қағазды салыңыз.

Кіріс науасы бос.

Қағазды кіріс науасына салыңыз.

Алдыңғы кептелген қағаз толық алынбаған.

Өнімді ашып, қағаз жолынан қағазды алып тастаңыз.

Қағаз өлшемі кіріс науасына дұрыс
конфигурацияланбаған.

Науа қай қағаз өлшеміне конфигурацияланғанын анықтау
үшін конфигурациялау бетін басып шығарыңыз немесе
басқару тақтасын пайдаланыңыз.

Науадағы бағыттағыштар қағазға қарама-қарсы тұрған
жоқ.

Арқты жəне қағаз енін реттейтін бағыттағыштардың
қағазға тиіп тұрғанын тексеріңіз.

Қолмен беру нұсқасы ALWAYS (ƏРҚАШАН) мəніне
қойылған. Науаға қағаз салынғанның өзінде өнім əрқашан
қолмен беруге нұсқау береді.

Науаны ашып, баспа құралын қайта салыңыз, содан кейін
науаны жабыңыз.

Немесе науа бос болған кезде өнімнің қолмен беруге
нұсқау беруі үшін қолмен беру нұсқаулы параметрін
UNLESS LOADED (САЛЫНҒАНША) мəніне өзгертіңіз.

Өнімдегі USE REQUESTED TRAY (СҰРАЛҒАН НАУАНЫ
ПАЙДАЛАНУ) параметрі EXCLUSIVELY (ЕРЕКШЕ) мəніне
қойылған жəне сұралған науа бос. Өнім басқа науаны
пайдаланбайды.

Сұралған науаға салыңыз.

Немесе параметрді EXCLUSIVELY (ЕРЕКШЕ) мəнінен
FIRST (БІРІНШІ) мəніне CONFIGURE DEVICE
(ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ) мəзірінен өзгертіңіз.
Көрсетілген науаға ешқандай қағаз салынбаған жағдайда
өнім басқа науаларды пайдалана алады.