HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Өнім бағдарламалық құралының мәселелері

background image

Өнім бағдарламалық құралының мəселелері

Мəселе

Шешімі

Өнімнің принтер драйвері Printer (Принтер) папкасында
көрінбейді

Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Қосылған барлық қосымшаларды

өшіріңіз. Жүйелік науада белгішесі бар кез келген
қосымшаларды жабу үшін белгішеге оң жақ
батырманы əкеп басып, Close (Жабу) немесе
Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.

USB кабелін компьютердің өзге USB портына жалғап
көріңіз.

Бағдарламалық құралын орнату барысында экранға
қателік жөнінде хабар шығарылды

Өнім бағдарламалық құралын қайта орнатыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Қосылған барлық қосымшаларды

жабыңыз. Жүйелік науада белгішесі бар кез келген
қосымшаларды өшіру үшін белгішеге оң жақ
батырманы əкеп басып, Close (Жабу) немесе
Disable (Өшіру) тармағын таңдаңыз.

Өнім бағдарламалық құралын орнататын жетектегі
бос орын мөлшерін тексеріңіз. Қажетті жағдайда,
өзіңіз қалайтын орынды босатып, бағдарламалық
құралды қайта орнатыңыз.

Қажетті жағдайда, Диск Дефрагменттаушысын іске
қосып, бағдарламалық құралды қайта орнатыңыз.

Өнім Əзір режимінде, бірақ ештеңе басылып
шығарылмайды

Конфигурациялау бетін басып шығарып, өнімнің
жұмыс істеуін тексеріңіз.

Барлық кабельдердің дұрыс жалғанып,
ерекшеліктерге сəйкес екендігін тексеріңіз. Олардың
қатарына USB кабелі мен қорек кабельдері жатады.
Жаңа кабель жалғап көріңіз.

200 Бап 10 Мəселелерді шешу

KKWW