HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды пайдалану туралы

background image

Басып шығаруға арналған қағаз бен арқауларды

пайдалану туралы

Бұл өнім түрлі қағаз жəне басқа да баспа құралын осы пайдаланушы нұсқаулығындағы
нұсқауларға сай қолдайды. Осы нұсқауларға сай келмейтін қағаз немесе баспа құралы өнімдегі
нашар баспа сапасын, кептелістердің көптігін жəне оның уақытынан бұрын істен шығуын
тудырады.

Ең жоғары нəтиже алу үшін, тек қана НР сауда белгісімен шыққан қағазды жəне лазерлі
принтерлерге арналған немесе əмбебап баспа құралдарды пайдаланыңыз. Ағынша принтерлері
үшін жасалған қағазды немесе баспа құралдарын пайдаланбаңыз. Hewlett-Packard компаниясы
басқа сауда белгілерімен шыққан баспа құралдарын пайдалану жөнінде ұсыныс жасай алмайды,
себебі НР олардың сапасын бақылай алмайды.

Кейбір жағдайларда тіпті осы пайдаланушы нұсқаулығында баяндалған талаптарға сай келетін
қағазға басып шығарған кезде де, басып шығару сапасының қанағаттанарлықсыз болуы
байқалады. Мұндай қиындық арқауды дұрыс қолданбаудың, қолайсыз температура мен
ылғалдылық жағдайында пайдаланудың, сондай-ақ Hewlett-Packard компаниясының бақылауы
мүмкін емес басқа да мəн-жайлардың салдарынан орын алуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ:

HP компаниясы белгілеген талаптарға сай келмейтін арқауды пайдалану басып

шығарғыштың зақымдалуына жəне оны жөндеу қажет болуына əкеліп соғуы мүмкін. Мұндай
жөндеуге Hewlett-Packard компаниясының кепілдігі немесе техникалық қызмет көрсету туралы
келісімі таралмайды.

74

Бап 6 Қағаз жəне баспа медиасы

KKWW