Науаларды конфигурациялау
ЕСКЕРІМ:
Егер HP LaserJet өнімі моделдерінің басқасын пайдаланған болсаңыз, сіз 1-науаны
First (Бірінші) режиміне немесе Cassette (Кассеталық) режиміне конфигурациялауға үйреншікті
болуыңыз мүмкін. Бұл өнім үшін 1-НАУА ӨЛШЕМІ мəнін КЕЗ КЕЛГЕН ӨЛШЕМ параметріне, ал
1-НАУА ТҮРІ мəнін КЕЗ КЕЛГЕН ТҮРІ параметріне қою First (Бірінші) режиміне тең болады. 1-
НАУА ӨЛШЕМІ жəне 1-НАУА ТҮРІ мəндерін басқа мəндерге қою Cassette (Кассеталық) режиміне
тең болады.
Өнім сізге келесі жағдайларда науаны қағаз түрі мен өлшемі бойынша конфигурациялауға
автоматты түрде кеңес береді:
●
Сіз науаға қағаз салғаныңызда
●
Сіз баспа тапсырмасы үшін нақты науаны немесе қағаз түрін баспа драйвері немесе
бағдарламалық құрал арқылы белгілейтін болсаңыз жəне науа баспа тапсырмасының
параметрлеріне сəйкес конфигурацияланбаса.
Төмендегі хабар басқару тақтасына шығады: <X> НАУА [ТҮРІ] [ӨЛШЕМІ] Өлшемін немесе түрін
өзгерту үшін OK батырмасын басыңыз. Параметрлерді қабылдау үшін батырмасын
басыңыз.
ЕСКЕРІМ:
Егер сіз сіз 1-науадан басып шығарып отырып, ол КЕЗ КЕЛГЕН ӨЛШЕМ жəне КЕЗ
КЕЛГЕН ТҮРІ параметрлеріне қонфигурацияланса, кеңес шықпайды.