HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Өнімді қайта орамау

background image

Өнімді қайта орамау

Егер HP тұтынушыларды қолдау орталығы өніміңіздің жөндеуге HP компаниясына қайтарылуға
тиісті екенін анықтаса, өнімді жөнелтудің алдында оны қайта орау үшін осы қадамдарды
орындаңыз.

ЕСКЕРТУ:

Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін

жауапкершілікті тұтынушы көтереді.

1.

Өнімдегі сатып алған жəне орнатқан кез келген DIMMs карталарды шығарып алып, сақтап
қойыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Статикалық электр тогы электрондық бөліктердің бұзылуына əкелуі мүмкін.

DIMM модульдерін қолданған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз немесе DIMM
модульдерінің статикаға қарсы орауышының бетін жиі ұстап, құрылғыдағы жалаң металды
ұстаңыз. DIMMs карталарын алу үшін қараңыз

Жадты орнату 129-бетте

.

2.

Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.

ЕСКЕРТУ:

Өнімді жөнелтудің алдында баспа картриджін алу өте маңызды болып

табылады. Жөнелту кезінде өнімде қалатын баспа картриджі ағып, өнімнің механизмі мен
басқа бөлшектеріне тонер жағылуы мүмкін.

Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның ролигіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.

3.

Қуат кабелі, интерфейс кабелі жəне EIO картасы сияқты қосымша құралдарды шығарып
алып, сақтап қойыңыз.

4.

Мүмкін болса, жинақпен бірге баспа үлгілерін жəне дұрыс басылмаған 50-100 парақ қағаз
немесе басқа баспа материалын жіберіңіз.

5.

АҚШ-та, жаңа орауыш материал алу үшін HP Тұтынушыларды қорғау қызметіне
хабарласыңыз. Басқа аймақтарда, мүмкін болса, өзінің орауыш материалын
пайдаланыңыз. Hewlett-Packard тасымалдау үшін жабдықты сақтандаруды ұсынады.

218 Қосымша B Қызмет жəне қолдау

KKWW