HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Енгізілген Веб сервер бөлімдері

background image

Енгізілген Веб сервер бөлімдері

Жиекбелгі немесе бөлім

Опциялар

Ақпарат жиекбелгісі

Өнім, күй жəне конфигурация
жөніндегі ақпаратты береді

Құрылғы күйі: Өнімнің күйін көрсетеді жəне HP жабдықтарының қалған
өлшеулі қызмет ету мерзімін көрсетеді. Оған қоса, бет əр науаға белгіленген
қағаз түрі мен мөлшерін көрсетеді. Стандартты параметрлерді өзгерту үшін
Параметрлерді өзгерту батырмасын басыңыз.

Конфигурация беті: Конфигурация бетінде табылған ақпаратты крсетеді.

Жабдықтар күйі: HP жабдықтарының қалған өлшеулі қызмет ету мерзімін
көрсетеді. Сондай-ақ, бұл бетте жабдықтардың бөлшек нөмірлері көрсетіледі.
Жаңа жабдықтарға тапсырыс беру үшін терезенің сол жағындағы
Жабдықтарды сатып алу аумағындағы Басқа сілтемелер батырмасын
басыңыз.

Оқиғаларды тіркеу журналы: Өнімнің барлық оқиғалары мен қателіктерінің
тізімін көрсетеді. Оқиғаларды тіркеу журналы ақаулықтары мен басқа
мəселелерді шешуге көмектесетін бірқатар динамикалық беттерге қосылу үшін
HP шұғыл қолдауы сілтемесін (енгізілген веб сервері беттеріндегі Басқа
сілтемелер
аумағы ішіндегі) пайдаланыңыз. Сондай-ақ, бұл беттер өнімге қол
жетімді қосымша қызметтерді көрсетеді.

Пайдалану беті: Өнім басып шығарған, өлшеміне, түріне жəне қағазды басып
шығару жолына қарай топтастырылған беттердің саны туралы қорытындыны
көрсетеді.

Құрылғы туралы ақпарат: Өнімнің желісінің атауын, адресін жəне модель
жөніндегі ақпаратты көрсетеді. Осы жазбаларды баптау үшін Құрылғы туралы
ақпарат
жиекбелгісіндегі Параметрлер батырмасын басыңыз.

Басқару тақтасы: Басқару тақтасынан Дайын немесе Күту режимі
қосылған
сияқты хабарларды көрсетеді.

Баспа: Басып шығаруға дайын тапсырмаларды өнімге жіберуге мүмкіндік
береді.

116 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету

KKWW

background image

Жиекбелгі немесе бөлім

Опциялар

Параметрлер жиекбелгісі

Өнімнің конфигурациясын
компьютеріңізден өзгертуге
мүмкіндік береді

Құрылғыны конфигурациялау: Өнімнің стандартты параметрлерін теңшеңіз.
Бұл бетте басқару тақтасының дисплейінде табылатын əдеттегі мəзірлер бар.

Науа өлшемдері/түрлері: Əрбір кіріс науасына рұқсат етілген қағаздың түрі
мен өлшемін жəне баспа құралын көрсетеді.

Электрондық пошта сервері: Тек желі. Электрондық пошта сигналдық
хабарларын орнату үшін Ескерту жазылымдары бетімен бірге қолданылады.

Ескерту жазылымдары: Тек желі. Əртүрлі өнімдер мен қамсыздандыру
оқиғаларға электрондық пошта ескертулерін орнатыңыз.

Шектер бойынша ескерту: Өнім жеке ескертулер жіберген кезі үшін уақыт
немесе мəнді орнатыңыз.

Автожіберу: Белгілі бір эл. пошта мекенжайына өнімнің конфигурациясы жəне
қамсыздандыру материалдары жөнінде автоматты түрде эл. пошта
хабарларын жіберіп тұруға өнімнің конфигурациясын өзгертіңіз.

Қауіпсіздік: Параметрлер жəне Желіге қосылу жиекбелгілерін, сондай-ақ,
өнімнің басқару тақтасының бөліктерін жəне HP Jetdirect желіге қосылуын
қолдануға қол жеткізу үішн енгізілуге тиісті кілтсөзді орнатыңыз. Өнімнің белгілі
бір мүмкіндіктерін қосады жəне ажыратады.

Басқа сілтемелерді өңдеу: Веб-торап қосыңыз немесе баптаңыз. Бұл сілтеме
барлық енгізілген веб сервері беттерінің Басқа сілтемелер аумағында
көрсетіледі.

Құрылғы туралы ақпарат: Өнімді атап, оған растау номерін белгілеңіз. Өнім
туралы ақпаратты алатын негізгі байланыс контакттың аты-жөнін жəне эл.
пошта мекенжайын енгізіңіз.

Тіл: Енгізілген веб сервер ақпараты шығарылатын тілді белгілеңіз.

Күн жəне уақыт: Уақытты сервер желісі уақытымен қадамдастырыңыз.

Күту кестесі: Өнімнің дайын болуы үшін ояту уақытын орнатыңыз немесе
өңдеңіз.

ЕСКЕРІМ:

Параметрлер жиекбелгісін кілтсөзбен қорғауға болады. Егер бұл өнім

желіде болса, осы жиекбелгісіндегі параметрлерді өзгертпес бұрын əрқашанда жүйе
əкімшісімен ақылдасып алыңыз.

KKWW

Енгізілген веб-серверін пайдалану 117

background image

Жиекбелгі немесе бөлім

Опциялар

Желіге қосылу жиекбелгісі

Желілік параметрлерді
компьютеріңізден өзгерту
мүмкіндігін береді

Желі əкімшісі осы жиекбелгіні өнім IP желісіне қосылған жағдайда оның желіге
қатысты параметрлерін басқару үшін пайдалана алады. Егер өнім компьютерге
тікелей қосылған болса немесе HPJetdirect басып шығару серверінен басқасын
пайдалану арқылы желіге қосылған болса, бұл жиекбелгі көрсетілмейді.

ЕСКЕРІМ:

Желіге қосылу жиекбелгісін кілтсөзбен қорғауға болады.

Басқа сілтемелер

Құрамында Сізді интернетке
қосатын сілтемелер бар

HP шұғыл қолдауы: Өнімнің ақаулықтарына шешім табуыңызға көмек көрсету
үшін сізді HP веб торабына қосады.

Жабдықтарды сатып алу: HP SureSupply веб-торабына қосылады. Бұл
торапта сіз принтердің картридждері мен қағаздары сияқты шынайы HP
қамсыздандыру материалдарын сатып алу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат таба
аласыз.

Өнімді қолдау: Əр түрлі тақырыпқа қатысты көмек алуға болатын өнімнің
қолдау торабына қосады.

Маған орындау тəсілін көрсетіңіз: Кептелуді тазалау жəне əр түрлі қағазға
басып шығару сияқты өнімге арналған арнайы тапсырмаларды көрсететін
ақпаратқа қосады.

ЕСКЕРІМ:

Осы сілтемелердің кез келгенін пайдалану үшін Сізде Интернетке

қосылу мүмкіндігі болуы тиіс. Егер Сіз Интернетке телефондық теру арқылы
қосылатын болсаңыз, Сіз енгізідген Веб серверді ашпас бұрын алдымен Интернетке
қосылып алуыңыз тиіс. Қосылу барысында Сізден Веб серверді жауып, оған қайта
қосылу талап етілуі мүмкін.

118 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету

KKWW