HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - DIMM модулінің орнатылуын тексеріңіз

background image

DIMM модулінің орнатылуын тексеріңіз

DIMM модулін орнатып болған соң, оның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.

1.

Өнімді қосыңыз. Өнім іске қосу процессін орындаған соң, Дайын шамы қосылып тұрғанын
тексеріңіз. Егер қателік туралы хабар шықса, DIMM модулі дұрыс орнатылмаған болуы
мүмкін.

Басқару панеліндегі хабарларды аудару 151-бетте

қараңыз.

2.

Конфигурация бетін басып шығарыңыз (

Ақпарат пен қалай орындауды көрсететін беттерді

басып шығару 110-бетте

қараңыз).

3.

Конфигурация бетіндегі жад бөлімін тексеріп, жадты орнату алдында басылып шыққан
конфигурация бетімен салыстырыңыз. Егер жадтың көлемі көбеймеген болса, DIMM модулі
дұрыс орнатылмаған немесе ақауы бар болуы мүмкін. Орнату процедурасын қайталаңыз.
Қажет болса, басқа DIMM модулін орнатыңыз.

ЕСКЕРІМ:

Егер өнімнің тілін (ерекшелік) орнатқан болсаңыз, конфигурация бетіндегі

«Орнатылған Ерекшеліктер мен Опциялар» бөлімін тексеріңіз. Бұл жерде жаңа өнімнің тілдері
тізімделуі керек.