Microsoft Windows пəрмендері арқылы микробағдарламалық жасақтаманы
жаңарту
ЕСКЕРІМ:
Бұл үрдіс өнімнің желіде ортақ пайдалануын талап етеді.
1.
Start (Бастау) мəзірінен Run (Іске қосу) батырмасын басыңыз. Содан соң, cmd пəрменін теріп,
пəрмен терезесін ашыңыз.
2.
Келесіні теріңіз: copy /B FILENAME> \\COMPUTERNAME>\SHARENAME>,мұнда
<FILENAME> .RFU файлының атын (оның ішінде, жолы), <COMPUTERNAME> өнім ортақ
пайдаланылатын компьютердің атын, ал <SHARENAME> өнімнің ортақ атын білдіреді.
Мысалы: C:\>copy /b C:\ljp3015.rfu \\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER.
ЕСКЕРІМ:
Егер файлдың атында немесе жолында бос аралық болса, сіз файлдың атын
немесе жолды тырнақшаға жабуыңыз тиіс. Мысалы, келесіні теріңіз: C:\>copy /b "C:\MY
DOCUMENTS\ljp3015.rfu" \\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER.
3.
Пернетақтада
Enter
(Енгізу) батырмасын басыңыз. Басқару тақтасы енгізілген
бағдарламалық құралдың жаңарту барысын көрсететін хабарды шығарады. Жаңарту
процессінің соңында басқару тақтасы Дайын хабарын көрсетеді. Компьютеріңіздің
дисплейінде One File Copied (Бір файл көшірілді) хабары көрсетіледі.