HP LaserJet Enterprise P3015 Printer series - Дискіні қауіпсіз өшіру

background image

Дискіні қауіпсіз өшіру

Өшірілген деректердің өнімдегі қатты дискіден рұқсатсыз қолданылуынан қорғау үшін HP Web
Jetadmin бағдарламалық құралында Дискіні қауіпсіз өшіру мүмкіндігін пайдаланыңыз. Бұл
мүмкіндік баспа тапсырмаларын қатты дискіден қауіпсіз өшіреді.

Дискіні қауіпсіз өшіру диск қауіпсіздігінің төмендегі деңгейлерін ұсынады:

Non-Secure Fast Erase (Қауіпсіз емес жылдам өшіру). Бұл қарапайым файл кестесін өшіру
функциясы болып табылады. Файлға қатынас жойылады, бірақ нақты деректер кейінгі
деректер сақтау əрекеттері арқылы үстіне жазылғанша, ол дискіде сақталады. Бұл - өте
жылдам режим. Дискіні қауіпсіз емес өшіру стандартты өшіру режимі болып табылады.

Secure Fast Erase (Қауіпсіз жылдам өшіру). Файлды қатынас жойылады жəне деректер
тұрақты ұқсас таңбалар үлгісімен үстіне жазылады. Бұл Қауіпсіз емес жылдам өшіру
мүмкіндігіне қарағанда баяу, бірақ барлық деректер үстіне жазылады. Қауіпсіз жылдам өшіру
АҚШ Қорғаныс министрлігінің 5220-22.M диск құралдарын тазалау туралы талаптарына сай
келеді.

Secure Sanitizing Erase (Қауіпсіз санитарлық өшіру). Бұл деңгей Қауіпсіз жылдам өшіру
режиміне ұқсас болып келеді. Бұған қосымша деректер қалған деректердің өзгермеуіне жол
бермейтін алгоритм арқылы қайталанып үстіне жазылады. Бұл режим жұмыс тиімділігіне

120 Бап 9 Өнімді басқару жəне оған техникалық қызмет көрсету

KKWW

background image

ықпал етеді. Қауіпсіз санитарлық өшіру АҚШ Қорғаныс министрлігінің 5220-22.M диск
құралдарын санитарлық тексеру туралы талаптарына сай келеді.